«Қайраттың» алдағы матчтары Астанада өтеді
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алдағы ойындарын Астанаға ауыстырды. Клубтың хабарлауынша, 9 желтоқсанда «Олимпиакоспен», ал 20 қаңтарда «Брюггемен» өтетін матчтар «Астана Аренада» өтеді. Билет бағасы 15 мың мен 50 мың теңге аралығында болады. Сатылым 28 қарашада Qairat SuperApp қосымшасында басталады. Ойынды Алматыдан Астанаға ауыстыру шешімі қыс мезгілінде Орталық стадионның қолайсыз болуына байланысты қабылданды. Ашық алаңдағы төмен температура, қар жауу қаупі ескерілген. Сондықтан жанкүйерлерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін ойын жабық стадионда ұйымдастырылмақ.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16