Отандастарымыз сурдлимпиаданы сәтті бастады
Токиодағы доданың екінші күні ел құрамасы үшін сәтті болды. Отандасымыз Фаина Мейірманова биіктікке секіруден 1,79 метр нәтижесін тіркеп, чемпион атанды. Сонымен қатар, Фаина Сурдлимпиада ойындарының рекордын жаңартты. Одан кейін дзюдодан бұрымдылар арасында 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әмина Файзулина елімізге тағы бір алтын жүлдені сыйлады. 17 жастағы астаналық ару финалда украиналық дзюдошын сенімді жеңді. Бұл оның ересектер арасындағы ең ірі жеңісі.
Фаина Мейірманова, XXV жазғы сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы:
Көп-көп рақмет. Мен өте қуаныштымын. Бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды. Ең бастысы физикалық, психологиялық тұрғыда өзімді жақсы сезіндім. Қазіргі эмоциямды сөзбен айту жеткізу мүмкін емес. Шексіз бақыттымын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16