Трамп Ресеймен сауда жасайтын елдерге санкция жариялауды қолдады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауда жасайтын елдерге қатаң санкция жариялауды құптайтынын мәлімдеді. Ақ үй басшысы мұны Линдси Грэм мен Ричард Блюмантель есімді сенаторлардың сәуірде ұсынған заң жобасына қатысты айтып тұр. Заң шығарушылар Ресейден мұнай, газ, уран сатып алатын елдерге 500 пайыз баж салығын жариялауды көздейді. Сенаторлар құжатты жазда қабылдамақ болды. Алайда Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттейтінін айтып, заң жобасын кейінге қалдырған еді.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Иә, олар заң жобасын ұсынып жатыр. Мен оны құптаймын. Ресеймен сауда жасайтын кез келген елге қатаң санкция жарияланады. Бұл тізімге Иранды да қосуы мүмкін.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16