Ыстанбұлда туристер астан уланып көз жұмды
Ыстанбұл қаласына қыдырып келген Германиялық отбасы
тамақтан ұшынып, ауруханада көз жұмды. Кешкі астан кейін ата-анасы мен алты
және үш жастағы екі баласы өздерін жайсыз сезініп ауруханаға қаралған. Тиісті
ем дом жасалғанымен екі бала мен анасы ауруханада көз жұмды. Ал әкесі жансақтау
бөлімінде жатыр. Олардың кешкі тамаққа көшеден сатып алған теңіз бақалшығы мен
майонез қосылған көкөніс салатын жегені анықталды. Дегенмен дәрігерлер олардың
қонақ үйде жасалған дезинфекция кесірінен улануы мүмкін екендігін де жоққа
шығармайды. Себебі дәл осы отбасы жатқан қонақ үйден тағы екі турист ауырып,
емханаға қаралған. Қазір туристер тоқтаған қонақ үй мен олар тамақ ішкен
дәмханалар жабылып, мамандар тарапынан тексеру басталды. Қонақ үйдің иесімен қоса
бірнеше адам қамауға алынды. ![]()
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы