Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

1.Британияның BBC хабар тарату корпорациясы Дональд Трамптың сөзін бұрмалағаны үшін кешірім сұрады. Бірақ медиа ұйым АҚШ президентіне өтемақы төлеуден бас тартты. Бұған дейін Ақ үй басшысының адвокаттары  Би-би-си-ден 1 миллиард доллар өтемақы талап ететіндерін ескерткен еді.

2.Бейжің Құрама Штаттардың Тайваньға қару-жарақ сатуына мүлдем қарсы екенін мәлімдеді. Қытай сыртқы істер министрілігі Тайвань мәселесі Қытай-Америка қарым-қатынастарында кесуге болмайтын «қызыл сызық» екенін ескертті. Тайвань АҚШ-тан F-16, C-130 ұшақтарын жөндеуге құрамдас бөлшектер сұраған. Трамп әкімшілігі мұны қолдады.         

3.Газа секторында 44 мың балаға екпе салынады. Науқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ-тің көмегімен жүргізіліп жатыр. Балалар екі жылға созылған соғыстың кесіріненде мүлде иммундалмаған. Оларға қызылшаға, полиомиелитке және пневмонияға қарсы вакциналар егілуде.

4.Келісім болмаса, кофе жоқ! Дәл осындай ұранмен Starbucks компаниясының баристалары АҚШ-тың 40-тан астам қаласында шеру өткізіп жатыр. Бұл демонстрациялар компания тарихындағы ең үлкен манифестацияға ұласуы мүмкін. Кәсіподақтар компаниядан жалақыны көтеріп, оған медициналық көмек пен өзге де жеңілдіктерді қосуды талап етіп отыр.

Бөлісу