Түркияда бәстескен ойыншыларды футболдан шеттетті
Түркия футбол федерациясы букмекерлік сайттар арқылы заңсыз бәс тіккен жүзден аса кәсіби футболшыны ойындардан алыстатты. Өз клубтарының ойын нәтижесіне әсер ету арқылы заңсыз ақша тапты деген күдікпен барлығы 1024 футболшыға қатысты тексеріс басталды. Заңсыз әрекет жасағаны анықталған 102 ойыншы бір жылға дейін футболдан шеттетілді. Олардың қатарында шетелдік легионерлер де бар. Бұған дейін футбол федерациясы заңсыз бәс тіккен 152 төрешіні де ойындардан шеттеткен еді. Өздері төрелік еткен мачтардың нәтижесіне әсер етіп ақша тапқан 18 арбитр қамауға алынған. Түркия футбол федерациясының басшысы түрік футболы моральдық кризиске ұшырады деп мәлімдеді.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16