Кирилл Герасименко алтын алды
Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко
Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңімпаз атанды.
Жерлесіміз финалда өзінің байырғы қарсыласы мысыр спортшысымен кездесті. Екеуі
бұған дейін Париж Олимпиадасында жолығып, қарсыласының мерейі үстем болған. Бұл
жолы Герасименко, алғашқы екі кезеңді 11 де бес және 11 де 8 есебімен өз
пайдасына шешті. Үшінші сет қарсыласының еншісінде кетті. Қалайда жеңіске
жетуді ойлаған Кирилл өз шеберлігін паш
ете біліп, 4:1 нәтижесімен қарсыласынан басым түсіп, кеткен есені қайтарып,
алтынан алқа тағынды.
Кирилл Герасименко, Ислам ынтымақтастығы ойындарының
жеңімпазы:
Мен өзім іштей осы ойындардың финалында жолығатын шығармыз деп топшыладым. Ал кездесе қалсақ, қалай да жеңіске жетуім керек деп, өзімді жігерлендірген едім. Міне, бүгін сол мақсатқа сүрінбей жеттім. Елге алтын медальмен оралу мен үшін үлкен қуаныш.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16