Германияда әскерге шақырылатындар екі есе көбейетін болды
Германияның коалициялық үкіметіндегі серіктестер міндетті және ерікті әскери қызметке жол ашатын заң жобасы бойынша келісім жасасты. Елдің қорғаныс министрлігі мұның нәтижесінде дайындықтан өткен резервистердің саны қазірге 100 мыңнан екі есеге артады деп отыр. Германия бұрынғы міндетті әскери қызмет бағдарламасын 2011 жылы аяқтады. Содан бері армия қатарын жауынгерлермен толықтыру қиынға соғып отыр. Жаңа заң бойынша, қарулы күштер сапына ерікті өткендерге 2600 еуро жалақы төленбек. Бұған қоса келесі жылдан бастап Германияда 18 жасқа толған ер балаларға олардың әскери қызметке ынтасы мен денсаулығын анықтау мақсатында анкета таратылмақ.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16