АҚШ-та Starbucks компаниясының баристалары 40-тан астам қалада шеруге шықты
Келісім болмаса, кофе жоқ! Дәл осындай ұранмен Starbucks компаниясының баристалары Америка Құрама Штаттарының 40-тан астам қаласында шеру өткізіп жатыр. Айтуларынша, бұл демонстрациялар әрі қарай ұлғайып, компания тарихындағы ең үлкен манифестацияға ұласуы мүмкін. Шеруге Сиэтл, Филадельфия, Даллас, Остин, Портланд сияқты қалалардың қызметкерлері де қосылмақ. Кәсіподақтар компаниядан жалақыны көтеріп, оған медициналық көмек пен өзге де жеңілдіктерді қосуды талап етіп отыр. Алайда компания өкілдерінің мәлімдеуінше, компания қызметкерлерге сағатына 19 доллар төлеп, емделу шығындарын өтеп, баристалардың университетте онлайн оқуына жағдай жасап отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16