Алматыда тұрғындар бірнеше сағат жарықсыз қалды
Алматының Алатау ауданында кеше түнде бірнеше сағат бойы электр жарығы өшіп, көшеде көлік қозғалысы қиындады. Әсіресе Almaty Arena маңындағы ықшамаудандарда тас қараңғы болып, ұялы байланыс нашарлаған. Жарықтың сөнуінен бағдаршамдар істен шығып, көлік жүре алмай қалған. «Алатау Жарық Компаниясы» өкілдерінің мәліметінше, екінші Жылу электр стансасына жақын аумақта электр жеткізу желісінен ақау шыққан. Салдарынан Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Зерделі сияқты ықшамаудандар және Райымбек даңғылы, Момышұлы, Мөңке би көшелерінің аралығы жарықсыз қалған. Апаттық бригада электр қуатын 5 сағаттан кейін, яғни түнгі 12-лерде қалпына келтірген.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16