Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун аяқталды. Сәрсенбінің кешінде Өкілдер палатасының 222 мүшесі бюджет жобасын қолдап дауыс берді. Екі сағаттан соң президент Дональд Трамп уақытша бюджетке қол қойып, федералдық үкіметтің жұмысын қайта жандандыруға жол ашты.

Бразилияның Белем қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттық саммиті жалғасып жатыр. Әлемнің 190 елінен делегат қатысатын конференцияның мақсаты - климаттың өзгеруімен күресті халықаралық басты мәселелер қатарына шығару.

Иранда су дағдарысы күшейіп барады. Осыған байланысты, жергілікті билік халқының саны 10 миллионнан асқан  Тегеранның таяуда адам тұрмайтын жерге айналуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Ал президент Масуд Пезешкиан мәлімдегендей, ел астанасы тұрғындарын көшіруге тура келуі мүмкін.

Бүгін Оңтүстік Кореяда жарты миллионнан астам түлек колледжерге емтихан тапсырып жатыр. Осыған байланысты қор биржалары мен кеңселер кешігіп ашылды. Сонымен қатар, жергілікті билік жастар ағылшын тілінің тыңдау секциясы бойынша сынақтан өтіп жатқанда, ұшақтардың қонуына 30 минут бойы тыйым салған.

Бөлісу