Боччадан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталды
Астанада паралимпиадалық боччадан Қазақстан Кубогы үшін жарыс басталды. Биылғы сайыс елордадағы «Аспан» спорт кешенінде өтіп, алғаш рет 8 корт дайындалды. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 120 параспортшы қатысып жатыр. Олар жеке, жұптық және командалық сындарда бақ сынайды. Дода 14 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстан бочча федерациясының президенті, Парламент Сенатының төрағасы қатысушыларға сәттілік тілеп, елде боччаның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инклюзивті және кедергісіз орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16