Басты Жаңалықтар Биыл ел аумағында қыс жылы болады

Биыл ел аумағында қыс жылы болады

Иә, вирус жұқтырғандардың көбеюіне, ауа райының да әсері бар. Мәселен, бүгін таңертең Астанада жаңбыр жауды. Қазгидрометтің болжамынша, биыл ел аумағында қыс жылы болады. Елді қарашаның қара суығы да айналып өтеді. Желтоқсанда да айтарлықтай аяз болмайды. Тек осы айдың соңына қарай сынап бағанасы шығыста 20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік батыста -14 градусқа, ал солтүстік–шығыста ең төмен температура -17 градусқа дейін барады. Ал қаңтар, ақпан айларында солтүстік-шығыста -20 градустан сәл асады. Десе де, алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде тұман, кей өңірлерде жел күшейеді. Ал солтүстікте қар жауады.

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 13 қарашада шығыс және оңтүстік шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Яғни ертеңнен бастап солтүстік аймақтарда қар жауады.

Экологтардың айтуынша, елдегі климаттың бұлай өзгеруіне жаһандық жылынудың әсері бар. Келесі жылы да күн райы мезгілге сай болмайды. Ал одан кейінгі он жыл тарихтағы ең ыстық кезең болуы мүмкін дейді.

Айдана Қыдырова, эколог:

Негізі бұл уақытта қар жататын, бірақ қазіргі кезде бір күн қар, бір күн жаңбыр, көктайғақ. Бұл негізі дұрыс емес құбылыс. Мына тұмандану да, көктем сияқты ауа райы ғаламдық жылынуды байқатады. Негізі экологиялық проблемалар бір-бірімен тығыз байланысты. Бізде халықтың 20 пайызы ғана қоқысты қайта өңдеуге тапсырады. Соның бәрі ластап жатыр.
Бөлісу