Басты Жаңалықтар Түркістан облысының Жетісай ауданындағы жалғыз мектеп жарамсыз

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы жалғыз мектеп жарамсыз

Түркістан облысының Жетісай ауданында 600 орындық мектептің бірінші қабаты сабақ өтуге жарамсыз күйге түскен.

Бұл Көрікті ауылындағы мектептің қазіргі көрінісі. 12 жыл бұрын салынған үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында едендері шөгіп, сынып бөлмелерінде сабақ өту қауіпті болып тұр.  8 сынып бөлмесі мен асхана, спорт залда жарықтар пайда болып, бәзбірінде қауіпті жағдай туындаған. Қабырғалары қақырап барады. Екі сынып бөлмесіндегі бетондарды мектеп қызметкерлері бұзып жатыр. Өздері демеушілер іздеп, өз күштерімен жөндеп алмақ. Ал бұған дейін амалдап жөнделгендерінің едендері қайта шөгуде. Бұған қазір ата-аналар да алаңдаушылық танытуда.

Тұрысбек Апбазов, мектеп директорының орынбасары:

Үш жыл бұрын күрделі жөндеуге қанша сұрағанымызбен мектепке ақша бөлінбеді. Сондықтан біз күдер үзіп, текущий ремонттың өзіне, ағымдағы жөндеуге смета жасалып, ол сұранысымыз да қанағаттанбады. Осындай жағдайға жеттік.

Мектеп басшылығы жылдар бойы жөндеуге қаражат бөлінбей жатқанына наразы. Жағдай осылай жалғаса берсе, қабырғалар оқушылардың үстіне құлап кете ма деп қорқады. Ал аудандық білім бөлімінің басшылығы барлық мәселе қаражатқа келіп тұрғанын жеткізді. Жетісайда осындай 10 мектеп қаражаттың жоқтығынан жөнделмей тұр.

Шоқан Адайбеков, Жетісай аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы:

Жөндеу жұмыстары бойынша сметалық есептеме дайындалған, 88 млн 378 мың теңгеге смета дайындалған. Қазіргі таңда арнайы облыстық білім басқармасына бюджет қарау мақсатында ұсынылған. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізілетін болады.


Бөлісу