Венесуэла президенті елін тәуелсіздік үшін күреске дайын болуға шақырды
Венесуэла президенті елін АҚШ-пен шиеленіске дайын болуға шақырды. Сонымен қатар жаңа қаулысында Николас Мадуро әскери және азаматтық күштердің бірлескен қолбасшылығын жасақтауға бұйрық беріп, венесуэлалықтарды ел тәуелсіздігін сақтау үшін қарулы күреске әзір отыруға үндеді. Тағы бір сөзінде Мадуро армия мен полицияның жалпыұлттық жаттығуы басталғанын жариялаған.
Айта кетсек,
өткен тәулікте АҚШ-тың әлемдегі ең ірі әскери кемесі «Джеральд Форд» Кариб
теңізіне жеткізілді. Оның бортында ондаған соғыс ұшағы мен 4 жарым мыңдай адам
бар. Сонымен қатар Венесуэла жаққа зымыран тиелген эсминецтер мен өзге де
көмекші кемелер жөнелтілді. Пентагонның сөзінше, бұл күш Кариб теңізіне есірткі
тасымалдаушылармен тиімді күрес жүргізу қажет. Алайда Мадуроның ойынша, Құрама
Штаттар аймаққа әскер жібере отырып, Венесуэла үкіметін құлатуды көздеп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы