Алматы облысында өнерлі балалар фестивалі өтті
Алматы облысында «Жүректен жүрекке» атты ерекше балалар арасында өнер байқауы өтті. Додада ауыл, аудан және қала тұрғындары арасынан іріктеу кезеңінен өткен 22 қатысушы бақ сынады.
Шараның басты мақсаты – ерекше және мүмкіндігі
шектеулі балалардың шығармашылығын шыңдап, бойындағы дарынын ашу. Өмірді өзінше
танып, ішкі жан дүниесімен сезіне білген балақайлар өнер әлеміне деген құлшыныстарын
тамаша әнмен, мың бұралған бимен, өлеңді мәнерлеп оқумен жеткізіп, көрермендердің
ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ өнерпаздардың қолынан шыққан қолөнер мен
сурет көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. Шара соңында жеңімпаздар анықталып,
қатысушыларға арнайы дипломдар мен
демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Ләйлә Оразбаева, «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:
Әрине, осындай фестивальдардың көп болғаны балалар үшін қажет. Балалардың өнерін шыңдайды. Өнерге ұмтылысын тудырады. Фестиваль барысында олар күшті көңіл-күймен, құлшыныспен өздерінің өнерін көрсетіп жатыр. Біз оған өте қуаныштымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы