Нью-Делиде көлік жарылып, 9 адам қаза тапты
Үндістан астанасы Нью-Делидің туристер көп жүретін ауданында жарылыс болды. Автокөлік жарылып, 9 адам қаза тапты. Тағы 20 адам жараланған. Оқиға қаладағы көрнекті орындардың бірі Қызыл Форт тарихи кешені мен метро станциясына жақын маңда болды. Үш адам отырған жеңіл көлік бағдаршамға тоқтап тұрған кезінде жарылған. «Терроризмге қарсы күрес» заңына сай тергеу басталды. Соңғы мәліметтерге сай, жарылған көліктің қожайыны ұсталған. Бұл оқиғадан бірнеше сағат бұрын полиция Фаридабад қаласында үйлерден 3 тонна жарылғыш зат тапқан еді. Олардың арасында бомба жасау үшін қолданылатын 350 кило аммиак селитрасы тәркіленді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16