Эр-Риядтан қоржында 13 медаль
Қоржында 13 медаль. Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан алтыншы Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге үш алтын, бес күміс және бес қола медаль еншіледі. 78 келіде татамиге шыққан дзюдошы Аруна Жангелдина Әзірбайжан мен Тунистен келген қарсыластарынан басым түсіп, тартысты өткен шешуші сында камерундықтан айласын асырды. Осылайша алтынмен жол бастап берді. Одан соң Әділбек Мусин мен Софья Сподаренко жүзуден 50 метрлік баттерфляй қашықтығында жеңіс тұғырына көтерілді. Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ бестікті түйіндеп тұр. Бүгін отандастарымыз ауыр атлетика, дзюдо, үстел теннисі және жүзу спорты бойынша сынға түседі.
Аруна Жангелдина, Ислам Ынтымақтастығы ойындарының чемпионы:
Қарсыласым физикалық тұрғыдан қиын болғаннан кейін кішкене ыңғайсыздау болды да, бірақ оны тактикалық жағынан ұттым. Осы жарысқа қатты дайындалдым. Өзіме мақсат қойдым. Соған жеттім.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16