Жамбыл облысында спорттық сауықтыру кешені ашылды
Жамбыл облысының шалғай ауылының бірі Бостандықта балаларға арналған спорттық сауықтыру кешені ашылды. Көптен күткен нысан бүгін ел игілігіне берілді.
Заманауи кешен 100 балаға арналған. Аумағы 1500 шаршы метрден асатын ғимаратта волейбол, кіші футбол алаңы мен қазақша күрес үйірмесі жұмыс істейді. Сондай-ақ жаттығу залы да бар. Жаңа кешеннің жалпы құны 527 млн теңгеден асады. Жоба құрылысы былтыр маусымда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша басталған. Биыл тамызда толық аяқталып, 14 мың шаршы метр аумақта инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілді. Таластық тұрғындар шалғай ауылдан чемпиондар шығаруға жағдай жасалғанына қуанышты.
Рәт Айқара, ауыл тұрғыны:
Бүгін ауылымызда үлкен қуаныш болып жатыр. Ауылымыз бұрында да спортпен айналысқан. Спорт мектебі бар. Бірақ залымыз өте тар болатын. Енді қыстыгүні біршама қиындықтардың бәрін осы спорт кешені жоққа шығаратын шығар деген ойдамын.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16