Түркияда бәс тіккен футбол арбитрлары қамауға алынды
Түркияда букмекерлік орталықтар арқылы матчтарға бәс тіккен 18 футбол төрешісі қамауға алынды. Тағы үш адамға іздеу жарияланды. Олардың бірі футбол командасының басшысы. Түркия Бас прокуратурасының мәліметінше футбол арбитрлары өздері бәс тіккен ойындардың нәтижесіне тікелей әсер ету арқылы қомақты ұтыс алып отырған. Түркия футбол федерациясы басшысының айтуынша букмекерлік орталықтар арқылы бәс тіккені анықталған 152 төреші ойындардан шеттетілді.
Ибраһим Хажыосманоғлу, Түркия футбол федерациясының басшысы:
Жүргізілген тексерістердің нәтижесінде, қазір жұмыс істеп жүрген 571 футбол төрешісінің 371-інде бәс тігетін жеке парақшасы бары нақтыланды. Олардың арасында 152 төреші әрдайым бәс тігетінін анықтадық. Бұлардың ішінде 10 төреші 10 мыңнан аса ойынға ақша тіккен. Бір төреші тіпті 18 мың 227 рет бәс тіккен.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16