Талдықорғанда Reading Zhetysu жобасы қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Reading Zhetysu жобасы қолға алынды

21.12.2018

Бұдан былай кез келген оқырман үшін қоғамдық орындарға қойылған арнайы аппараттан қалаған кітабын алып оқу мүмкіндігі бар. Кітап тегін. Бірақ, алдымен бірқатар сұрақтарға жауап беру керек. Елімізде теңдесі жоқ кітап сөресіне әлемдік бестселлерлер, отандық заманауи авторлардың туындылары қойылды. Басты мақсат - көпшіліктің оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды рухани байыту. Жоба аясында мұндай заманауи кітап сөрелері Талдықорғанның халық көп жүретін жерлері мен аудан орталықтарына жайғастырылмақ.

Рустам Алпысбаев, Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Шетелде кітаптарды, журналдарды сататын вендинг аппараттар бар. Бізде ерекшелігі сол, интеллектуалды ойын арқылы насихаттау. Оқырмандарды шақыру. Әсіресе, жастарды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу