Басты Жаңалықтар Педагогтардың цифрлық сауатын көтеретін «Teacher's Summit-2025» өтті

Педагогтардың цифрлық сауатын көтеретін «Teacher's Summit-2025» өтті

Білім беру саласындағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану – заман талабы. Мұны, әсіресе, ұстаздар жақсы меңгеруі тиіс. Бұл мәселе бүгін Алматыда өткен халықаралық «Teacher’s Summit-2025» саммитінде талқыланды. Шараға АҚШ, Ұлыбритания және Ресейден келген сарапшылар қатысып, педагогтармен тәжірибе алмасты. Жиынның басы «KGL Contest» халықаралық олимпиадасында B2 деңгейі бойынша 1-орын иеленген алматылық оқушы Дария Насимуллинаны марапаттаудан басталды. Бұл – осы жарысқа алғаш рет қатысқан Қазақстанның тарихи жеңісі дейді сарапшылар. Саммитте сөз алған Кембридж университетінің профессорлары жасанды интеллектіні білімге енгізудің этикалық және гуманистік аспектілеріне тоқталып, тиімді тұстарын атап өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық ұстаз заманауи оқыту платформалары, AI технологиялар және медиасауат тақырыптары бойынша шеберлік сабақтарға қатысты.
Айгүл Жұмабекқызы, Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы:

Жоғары деңгейде қызықтырып өткізетін кейстар беретін болады деп ойлаймын. Мұғалімдер өте белсенді қатысып жатыр. Өздерінің жұмыстарына керектісін алып, жақсы, пайдалы жұмыс істейді деп ойлаймын.

Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы