Хостелдегі өртке қатысты апелляциялық сот үкімі бүгін шығады
Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты іс бойынша бүгін апелляциялық соттың шешімі шығады. Қайғылы оқиға 2023 жылдың 30 қарашасында болған. Өрттен 13 адам қаза тапты. Оның төртеуі шетел азаматы. Бұған дейін Алмалы аудандық соты хостел иесі Әділбек Мұхамедияровты 5 жылға, өрт дабылын орнатқан кәсіпкер Александр Пекельникті 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді. Апелляция барысында екі тараптың қорғаушылары қос азаматты ақтауды және үкімді жеңілдетуді сұрады. Хостел иесі өрттің әдейі ұйымдастырылмағанын айтып, өз кінәсін толық мойындамайтынын жеткізген. Прокурор айыпталушылардың кінәсі дәлелденгенін айтып, үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Аппеляциялық соттың шешімі бүгін жарияланады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05