Жаһан жаңалықтарына шолу
Шатдаун жалғаса берсе, Трамп әкімшілігі АҚШ-тың 40 ірі әуежайында ұшақ рейстерінің санын 10 пайызға азайтпақ. 13 мыңдай әуе диспетчері және 50 мыңдай көлік қауіпсіздігі басқармасының қызметкері жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүр. Салдарынан әуежайларда жұмысшы жетіспей ұзан-сонар кезек түзіліп, рейстер кешікті.
Филиппин аралдарында «Калмаеги» тайфунынан қаза тапқандар саны 114-ке жетті. 127 адам хабар-ошарсыз кеткен. Дауыл кезінде 200 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында тұрғындар
полицияның жақында жүргізген рейдіне қарсы шықты. Сол аперация кезінде
фавелаларда 121 адам қаза тапқан еді. Демонстранттар мұны озбырлық деп бағалап,
биліктен түсініктеме талап етті.
Әлем елдері ерекше құбылысқа куә болды. Аспанда толған ай Жерге әдеттегіден жақын келді. Жерден 356 мың қашықтықта Ай 8 пайыз үлкен, 16 пайыз жарық көрінеді. НАСА мамандарының айтуынша, мұндай құбылыс 2-3 жылда бір байқалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы