Үкімет басшысы аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты
Қарашығанақты кеңейту жобасының бірінші кезеңі іске қосылып, ішкі нарыққа 7,5 млрд текше метр газ жеткізілді. Премьер-министр Батыс Қазақстан облысында мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Сонымен қатар аймақтағы ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардың жүзеге асу барысын бағамдады. Оралда өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы да пысықталды.
Қарашығанақ. Еліміздегі ең ірі кен орындарының бірі. Биыл мұнда 12,4 млн тонна мұнай өндірілмек. Өндіріс жаңғырту жұмысымен танысқан Үкімет басшысы жергілікті қамту үлесін арттыру мен кадр даярлауға басымдық беру керектігін айтты.
Никола Аллегро, «Karachaganak Petroleum Operating B.V.», бас директорының орынбасары:
Компаниямыз қоршаған ортаны қорғау мақсатында 460 миллион АҚШ долларын бөлді. Әсіресе мұнай-газ саласындағы метан шығарындыларын төмендетуге арналған бағдарлама мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қосқан үлесіміз айрықша атап өтілді. Жалпы, Қарашығанақ кен орнының инфрақұрылымын дамытуға соңғы он жылда салында, ірі инвестициялар салынды.
Былтыр аймақ су тасқынынан зардап шеккен еді. Төтенше жағдайдың қайталанбауы үшін Жайық бойы нығайтылып, 143 шақырым қорғаныс бөгеті тұрғызылды. Үкімет басшысы атқарылған жұмыстармен танысты.
Биылғы алты айда аймаққа жалпы 1 млрд 100 млн доллар инвестиция тартылған. «QazExpoCentre-Pipe» зауытында мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдық өндірісі таныстырылды. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 40 мың тонна құбыр. Ал «Кублей» компаниясында елдегі консерві өнімдерінің 65%-ын өндіретін ет өңдеу кешені жұмыс істейді.
Нұрғали Сарықойшин, цех шебері:
Екі линияда толық жұмыс істелінеді. Барлығы конвейерді, автоматтандырылған, дұрысынан.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі өңірдегі
инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып келеді. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» компаниясы
«Жайық Арена» спорт-сауықтыру кешенін салған. Бүгінде облыста 1500-ден астам
спорт нысаны жұмыс істейді. Салалық министрліктерге Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен
бірлесіп өңірдің әлеуетін арттыру тапсырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы