Филиппинде қаза тапқандар 114-ке жетті
Филиппин аралдарында «Калмаеги» тайфунынан қаза тапқандар саны 114-ке жетті. 127 адам хабар-ошарсыз кеткен. Табиғи апаттан Себу провинциясы айтарлықтай зардап шекті. Дауыл кезінде 200 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Калмаеги» тайфунының салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Филиппин Президенті Фердинанд Маркосқа көңіл айтты. Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05