Әлем жаңалықтарына шолу
Нью-Йорк мэрі болып 34 жастағы демократ-социалист Зохран Мамдани сайланды. Африка тумасы қаланың 100 жылдағы ең жас әрі тұңғыш мұсылман мэрі болмақ. Саясаткер сайлауда 1 миллионнан аса дауыс жинаған.
Дрондар Бельгия әуежайларының жұмысын тоқтатты. Брюссель
мен Льежде ұшақ рейстері кейінге қалған. Белгісіз дрондар әскери базаға жақын
маңнан да көрінді. Бұл елді тұрақсыздандыруға бағытталған әрекет деп танылды.
АҚШ-та жүк таситын ұшақ апатқа ұшырады. 7 адам қаза тапты. Олардың үшеуі - экипаж мүшесі. Апаттан жердегі адамдар да зардап шекті. 11 адам жараланған. Апатқа не себеп болғаны әзірге беймәлім.
Филиппин
аралдарында тайфуннан 66 адам қаза тапты. 200 мыңнан
астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. «Калмаеги» өңірге екпінді
жел, жауын-шашын, су тасқынын әкелді. Дауыл Вьетнамға қарай ойыса бастады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы