Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі көбейді
Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі көбейіп жатыр. 1 қазандағы жағдай бойынша жеке тұлғалар мен бизнестің несиесі 38 трлн 700 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Жыл басынан бері кредиттердің жалпы сомасы 14,6 пайызға өскен. Бизнес иелерінің несиесі биыл 12,1 пайызға көбейіп, 14 трлн 700 млрд теңге болды. Ал халықтың кредиттері 24 трлн теңгеге жеткен. Ол биыл 16,2 пайызға өскен. Оның 6 трлн 700 млрд-ы ипотекалық қарыздар. Дегенмен агенттік бағалауынша, кредит портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталып отыр. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі несие портфелінің 3,5 процентін немесе 1,5 трлн теңгені құрайды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16