АПЭК елдерінің саммитінде сауда декларациясы қабылданды
Бүгін Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымы елдері сауда, жасанды интеллект және демография жайында декларация қабылдады. Саммит Оңтүстік Кореяның Кэнджу қаласында өтті. АҚШ президенті Дональд Трамп жиын басталмай жатып Вашингтонға ұшып кетті. Сондықтан форумда Қытай төрағасы Си Цзиньпин еркін және ашық сауданың басты жақтаушысы ретінде көзге түсті. 21 елі кіретін АПЭК 1989 жылы құрылды. Содан бері ол аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуді қолдап келеді. Бірақ қазір бұл өңір АҚШ-Қытай бәсекелестігі, жеткізу тізбектерінің үзілуі, халықтың қартаюы, жасанды интеллектінің жұмыс орындарына әсері сияқты үлкен қиындықтарға тап болып отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16