Мемлекет басшысы Бейжің тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Форум аясында Бейжің тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада аталған университет филиалының ашылуы нәтижелі қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді деп санайды.
Президент «МИФИ» ректорымен кездесті
Сондай-ақ, Президент «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы WOOSONG төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгпен кездесті. Тараптар адам капиталын дамыту, білім беру сапасын арттыру, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларында біліктілігі жоғары инженерлер, сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast президентімен кездесті
Қазақстан Queen’s University Belfast оқу орнына айтарлықтай қызығушылық танытып отыр. Университет президенті - вице-канцлері Иан Грирмен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
Мемлекет басшысы ММХҚИ ректорын қабылдады
Ал Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының
ректоры Анатолий Торкуновпен жүздесуде Президент халықаралық қатынастар
саласында білікті мамандар даярлаудағы институт беделін жоғары бағалайтынын
жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                 
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    