Басты Жаңалықтар Алматыда көлік тұрағы үшін абонемент енгізіледі

Алматыда көлік тұрағы үшін абонемент енгізіледі

Алматыда көлік тұрағына арналған абонемент енгізіледі. Бұл, әсіресе, Алмалы, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындарына қатысты. Себебі бұл аумақта халық тығыз орналасқан. Көше бойында ірі сауда орындары мен бизнес нысандары көп, - дейді әкімдік өкілдері. Осылайша көше маңында тұратындар тұрақ үшін ақы төлейді. Үй іргесінде орын болмаса көлігін жақын жердегі басқа ақылы тұраққа қоя алады. Қызметке жауапты компанияның мәліметінше, резиденттік келісімдерді беру тәртібі мен шарттары бойынша мәселе уәкілетті органның қарауында. Абонементтің қашан іске қосылатыны және құны әзірге белгісіз.

Айта кетсек, қала билігі жыл соңына дейін ақылы тұрақтардың санын 18 мыңнан 30 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Көлігін көше бойына қоятын жергілікті тұрғындар бұған қарсылық білдірген еді.

- 100 теңге төлейді. Қалтаға ешқандай салмақ салмайды. Есесіне қалада кептеліс азаяды.
- Жайлылық жеке көліктерге жоқтың қасы. Екінші кезекте халықтың әл-ауқатына, халықтың қалтасына кері әсерін тигізеді деп ойлаймын.
- Кей отбасыларда бір емес, екі көлік бар. Кейбіреуі несиеге алып жатыр. Такси болып күн көріп жатқандар бар. Сондықтан отбасыға ауыр тиеді.  


Бөлісу