Қазақстанның 5 университеті әлемнің үздік оқу орындарының тізіміне қосылды
Еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды. «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Қазір елімізде әлемнің 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, шетелдік оқу орындарының 33 филиалы ашылған. Бүгіннің өзінде 31 мыңнан астам шетел жастары Қазақстанда білім алып жатыр. 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл да қазақстандық университеттердің білім сапасы мен абыройының көрсеткіші.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
QS халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Квакварелли мырза баяндамасында бұл мәселеге кеңінен тоқталды. Қазақстан университеттерінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды. Бұл да біз үшін зор жетістік.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16