АҚШ ядролық сынақтарды қайта бастамақ
АҚШ ядролық сынақтарды қайта бастамақ. АҚШ президенті Дональд Трамп Соғыс министрлігіне елдің ядролық қаруын сынауды жедел бастауды тапсырғанын мәлімдеді. Бұл шешім АҚШ-тың ядролық қарудағы бәсекелес елдері Ресей мен Қытайдың сынақ бағдарламаларына жауап ретінде қабылданған. Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында: «АҚШ-та өзге елдерге қарағанда көбірек ядролық қару бар. Ресей екінші орында, ал Қытай бес жыл ішінде бізге жетуді көздеп отыр», - деді. АҚШ 1992 жылдан бері ядролық жарылыстарды сынауға ерікті түрде мораторий енгізіп келген. Бұл саясаттың өзгеруі халықаралық қауымдастықта алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Қазір Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу үшін Оңтүстік Кореяның Пусан қаласына жетті.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16