Астанада «Өнеріміз саған, Қазақстан» атты фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Өнеріміз саған, Қазақстан» атты фестиваль өтті

13.12.2018

«Өнеріміз саған, Қазақстан». Астанада осындай атаумен фестиваль өтті. Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шара елімізде тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің арасындағы байланысты арттырып, бірлікті нығайтуға бағытталған. «Руғани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе ұйымдастырған фестиваль осы жолы Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылды.  

Бекзат Смағұлов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің маманы:

- Ынтымақтастыққа қалай шақырамыз? Әрине, өнер, мәдениет арқылы. Себебі, өнерде ешқашан шекара болмайды. Өнер тек қана екі ел арасындағы, этностар арасындағы өзара ынтымақтастыққа шақырады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу