Оңтүстік Кореяда Трампқа қарсы шеру өтті
Оңтүстік Кореяның Кёнджу қаласында АҚШ президенті Дональд Трамптың сапарына қарсы шеру өтіп жатыр. Наразылық акциясын жұмысшылар кәсіподақтары ұйымдастырған. Демонстранттардың айтуынша, Трамп Кореяны Америкаға инвестиция салуға және тарифтерді қабылдауға мәжбүр ете отырып, ел экономикасын күйретіп жатыр. Құрама Штаттар лидері Оңтүстік Кореяға осыдан бірнеше сағат бұрын барды. Трамптың мәлімдеуінше, Вашингтон пен Сеул таяу уақытта сауда келіссөзін аяқтайды. Тағы бір айта кететін жайт, осы аптада Оңтүстік Кореяда Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтеді. Сол жиын қарсаңында, яғни ертең Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екіжақты қатынастарды талқылайды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16