Финляндия президенті студенттерге дәріс оқыды
Финляндия президенті елімізге сапары аясында бүгін студенттерге дәріс оқыды. Кітапханаға жиналған 150-ге жуық тыңдаушы мәртебелі мейманды ерекше қарсы алды. Суоми елінің Президенті «Күштер теңгерімінің өзгеруі: сыртқы саясаттағы құндылықтар, мүдделер және билік» тақырыбындағы лекциясы барысыныда Финляндия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті, құқық үстемдігі принципінің маңызды және орта державалардың рөлі туралы айтып берді. Студенттердің сұрақтарына да жауап берді.
- Сіздің БҰҰ Бас Ассамблеясындағы соңғы сөзіңізде ұйымды реформалау, яғни Қауіпсіздік Кеңесінде Африка, Азия және Латын Америкасының өкілдігін арттыру және бір де бір мемлекеттің вето құқығына ие болмауы керектігі айтылды. Бүгінгі мүдделері мен көзқарастары қақтығысқан әлемде осындай реформа шын мәнінде жүзеге аса ала ма?
Александр Стубб, Финляндия президенті:
Бұл күрделі сұрақ. Егер БҰҰ бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты институты болып қалсын десек, 1945 жылы дауыссыз қалған елдерге де ықпал ету мүмкіндігі берілуі тиіс. Сондықтан мен Қауіпсіздік Кеңесін кеңейту, вето құқығын жою және БҰҰ жарғысын бұзған елдердің дауыс беру құқығын уақытша тоқтату жөнінде ұсыныс жасадым. Бұл өзгерістер жаңа тепе-теңдік орнатар еді. Осы ойымды айтқанда БҰҰ-ның 193 мүшесінің шамамен 188-і қол соқты, ал бесеуі үнсіз қалды. Бұл ұсыныстың қаншалықты «реалистік» екенін көрсетсе керек. Соған қарамастан, мен мұндай реформаның қажет екеніне сенемін және оның жүзеге асарына үміттенемін.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандар салынуда
04.06.2026, 13:20
Соңғы бес жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
04.06.2026, 13:12
Биыл тағы 96 мектеп пайдалануға беріледі
04.06.2026, 13:09
Ел рәміздерінің мәні мен маңызын тұрғындар қаншалықты біледі?
04.06.2026, 13:06
Жетісу облысының 35 ауылында 35 Ту тұғыры ашылды
04.06.2026, 13:03
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
04.06.2026, 13:00
Туризмнің ұлттық тарихи мазмұнына мән беріледі
04.06.2026, 10:20
Түркістанда ағзасын ауыстырған жандар арасында жарыс өтіп жатыр
04.06.2026, 10:19