Израиль Газаны әуеден шабуылдады
Израиль армиясы Газа қаласына әуеден соққы берді. Мұндай бұйрықты премьер-министр Биньямин Нетаньяху берген. Шабуылдан ондаған қаза тапты. Үйлерге, мектептерге зақым келген. Шабуыл алдында Израиль үкіметі «Хамас» тобын бітім талаптарын бұзды және кепілде болған адамдардың денесін қайтару кезінде алдады деп мәлімдеді. Бұл ақпаратқа сай, қарулы топ екі жыл бұрын табылған израильдіктің мүрдесін кепілде болған басқа адамның денесі деп қайтарған. Мұны Израиль жағы әшкерелеген. Атыс тоқтағалы қарулы топ кепілде болған 20 израильдікті босатып, 16 адамның мүрдесін тапсырды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16