Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ пен Жапония қарым-қатынасы алтын ғасырға қадам басты

Қос елдің лидерлері Токиодағы кездесуде осылай деп мәлімдеді. Трамп мен Такаити сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қойды.

«Лукойл» шетелдегі активтерін сату жоспарын жариялады

Ресейлік кәсіпорын басшылығы мұндай шешімді өткен аптада АҚШ-тың санкциясына іліккеннен кейін қабылдаған. Жаһандық нарықта мұнайдың екі пайызын өндіретін «Лукойл» қандай активтерін сататынын нақтылаған жоқ.

Аmazon 30 мың жұмыс орнын қысқартпақ

Әлемдік онлайн-ритейлер бұл қадамға шығындарды оңтайландыру үшін баратынын мәлімдеді. Қысқарту туралы хабарламалар алдағы тәулікте қызметкерлердің электрондық пошталарына жіберіледі.

Ямайкада дүлей дауыл көтерілді

Табиғи апаттан 3 адам қаза тапқан. «Мелисса» - әлемге биыл соққы берген дауылдардың ішіндегі ең сұрапылы. Желдің жылдамдығы сағатына 282 шақырымға жеткен.


Бөлісу