Вашингтон мен Токио сирек металдар келісіміне қол қойды
АҚШ пен Жапония қарым-қатынастары алтын ғасырға қадам басты. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити Токиода кездесуде осылай деп мәлімдеді. Сонымен бірге екі ел басшылары сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қойды. Мақсаты – Қытайға тәуелділікті азайту. Екі мемлекет арасында бұған дейін жасалған келісімдерді жүзеге асыру өзекті екені аталып өтті. Оның ішінде импортқа 15 пайыз тариф туралы уағдаластық та бар. Такаити Трампты бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынуға уәде етті. Бұған қоса Жапония АҚШ экономикасына 550 млрд доллар инвестиция құюға, америкалық тауарларды көбірек сатып алуға ниетті екенін мәлімдеді. Трамп Токиоға Азия елдеріне сапары аясында барды. Кейінірек АҚШ президенті Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жүздеседі. Оңтүстік Кореяда өтетін келіссөздерде қос держава лидерлері сауда соғысын аяқтау мәселесін талқыламақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы