Финляндия Президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды
Финляндия Президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды. Ақорда резиденциясында Александр Стуббты қарсы алу рәсімі өтті. Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған. Лидерлер ықпалдастықты одан әрі арттыру тетіктерін алдымен шағын құрамдағы кездесу кезінде талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіздің сапарыңыз екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған. Екі елдің ортасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Дегенмен инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар. Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан бизнес-форумның орны ерекше. Бүгін аталған жиынға қатысамын. Бұл кәсіпкерлеріміздің іскерлік байланыстарды өрістетуіне зор септігін тигізеді деп ойлаймын.
Александр Стубб, Финляндия Президенті:
Бүгін Финляндиядан үлкен делегация келді. Оның құрамында 20-дан астам ірі компанияның өкілдері бар. Астана көшелерінен Isku және Honkarakenne сияқты танымал фин брендтерін көрдім. Бұл бізді қуантады. Келіссөздің екінші бағыты – сыртқы саясат және қауіпсіздік. Біршама мәселе бойынша ұстанымдарымыз ортақ, күрделі халықаралық жағдайлардың шешімін табуға бірлесе ұмтыламыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ-тағы «Кремний алқабында» екі елдің қауымдастығы құрылды
28.10.2025, 13:30
2 мыңдай әлеуметтік қызметкер біліктілігін арттырды
28.10.2025, 13:18
Энергия сақтайтын нысандар салынатын болды
28.10.2025, 13:16
Шымкентте Қазақ – Ауған бизнес форумы өтуде
28.10.2025, 13:13
«Лукойл» шетелдегі активтерін сату жоспарын жариялады
28.10.2025, 13:11
Түркияда тағы жер сілкінді
28.10.2025, 13:10
Ақтауда көпқабатты үйде газ жарылды
28.10.2025, 13:07
ҰҚК қызметкерлері теракттің алдын алды
28.10.2025, 13:03