Басты Жаңалықтар Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады. «Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Біз Тәуелсіздігіміздің саяси-экономикалық тұғырын бекіттік, шекарамызды айқындап, оны бүкіл әлемге таныттық. Сондай-ақ азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру жолында зор жетістікке қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда бұдан да зор міндеттер тұр. Біз барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Еліміздің келешегі – әрқайсымыздың қолымызда. Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!» - деді Президент.

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасты.


Бөлісу