24 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні
Бүгін – Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні. Осыған орай Алматыда халықаралық беделді ұйымның 80 жылдығына арналған жиын өтті. Шараны Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды. Жиында сөз алғандар Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін және ұйымның қағидаттары мен мақсаттарына адалдығын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы сессиясында айтқан халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларын сөз етті. Басқосуда халықаралық күн тәртібіндегі өзге де мәселелер талқыланды.
Ақмарал Арыстанбекова, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұңғыш тұрақты өкілі:
Қазақстан Біріккен ұйымына мүше болған алғашқы күннен-ақ ұйымның қызметіне белсене араласты. Біз бейбіт өмірге ұмтылып, қуаты жөнінен әлемде төртінші орынға ие ядролық қарудан өз еркімізбен бас тарттық. Жер бетіндегі ең үлкен ядролық сынақ алаңдарының бірі Семей полигоны жабылды. Осылайша Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында көптеген тың бастама көтеріп, көпке үлгі бола білді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16