Басты Жаңалықтар Алматыда жауапсыз мердігерлердің «қара тізімі» құрылуы мүмкін

Алматыда жауапсыз мердігерлердің «қара тізімі» құрылуы мүмкін

Алматыда мемлекеттік тапсырыстарды сапасыз орындаған мердігерлерге қатысты жаңа шара қарастырылып жатыр. Енді қалада арнайы «қара тізім», яғни жауапсыз компаниялардың тізілімі құрылуы мүмкін. Заңгерлердің айтуынша, кейбір компаниялар тендерге қатысу кезінде жалған ақпарат беріп, жұмысты келісімшартқа сай орындамайды. Мұндай жағдайда олар лицензиясынан айырылып, тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс. Себебі, мектеп, балабақша мен жол жөндеу секілді әлеуметтік нысандардың сапасыз салынуы тұрғындар наразылығын тудырып отыр. Шаһар басшысы да бұған дейін бұл мәселені назарда ұстап отырғанын айтқан. Ол қала құрылысын бақылау басқармасына шартты орындамаған мердігерлердің лицензиясын қайтарып алып, материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы тапсырма берген.

Бөлісу