Таразда 100 оқушы бір мезетте домбыра тартты
Таразда Республика күні қарсаңында 100 оқушы бір мезетте домбыра тартты.
Жас өнерпаздар «Келіншек», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым» және «Түркімен күйін» орындады. Сондай-ақ өрендер «Жастар биін» билеп, патриоттық рухты оятатын әндер де шырқады. Ал жоғары сынып оқушылары актерлық шеберлігін көрсетіп, Алаш зиялыларының өмірінен сахналық қойылым қойды. Кеш соңында Абай, Жамбыл мен Мағжанның жырлары оқылды.
Аялуым Марат, оқушы:
Атақты күйшілердің ең танымал күйлерін орындадық. Өте жақсы шықты. Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын. Осы күн, осы мереке бізге оңайлықпен келген жоқ. Әрине, біздің ата-бабамыз осы күн үшін, біздің болашағымыз үшін көптеген қиындықты бастан өткізді. Осы мерекеміз жалғаса берсін және әр жыл сайын осылай тойлап тұрумызды тілеймін.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16