Басты Жаңалықтар Республика күні – егемендіктің тұпқазығы

Республика күні – егемендіктің тұпқазығы

1990 жылдың 25 қазанында қабылданған декларация – Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының түпқазығы. Құжатта, сонымен қатар, еліміздің заңнамалық, экономикалық және мәдени дербестігі анық көрсетілді,  дейді мерейтойға орай Алматыда өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылары. Шарада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылым депутаттары, қоғам және мемлекет қайраткерлері сөз алып, Тәуелсіздік туралы декларацияның тарихи маңызына тоқталды. «Қыран елім – Қазақстаным» атты конференция аясында сол кездегі тарихи құжаттардың көшірмелері қойылған көрме ұйымдастырылды. Қайраткерлер ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елдің бірлігі мен тәуелсіздігі идеяларын кейінгі ұрпаққа насихаттау маңызды екенін атап өтті.

Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:

Осы егемендікті алып шығуға қызмет істеген біздің аға, аталарымызды, аналарымызды балалардың санасына сіңіре берсек, біздің еліміз көркейеді, біздің еліміз ешкімнен кем болмайды деп ойлаймын. Егемендік бастау алған Республика күні – 25 қазан құтты болсын!


Бөлісу