«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін Алматыда өтетін «Қайрат» – «Пафос» ойынына жанкүйерлер үшін қосымша автобустар жүреді. Қала әкімдігінің хабарлауынша, матч аяқталған соң 6 бағыт бойынша 60 қосымша қоғамдық көлік қатынайды. Сондай-ақ стадион аумағында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді. Ойын алдында Абай даңғылы мен оған жақын Байтұрсынұлы, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бүгін 21:35-те Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасы аясында қазақстандық «Қайрат» пен кипрлық «Пафос» командалары кездеседі. Ойынды «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көріңіздер.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16