Ресейдің жоғарғы оқу орындарында Ұлы даланың тарихы жан-жақты оқытылуы керек - Никита Мендкович - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің жоғарғы оқу орындарында Ұлы даланың тарихы жан-жақты оқытылуы керек - Никита Мендкович

10.12.2018

Кез келген мемлекет басшысының идеология мен тарихқа қатысты айтқан дүниесі ескерусіз қалмайды. Сондықтан, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласында көтерген бастамалары да сөзсіз іске асады. Бұл - Мәскеудегі Еуразиялық сараптамалық клубының жетекшісі Никита Мендковичтің пікірі.

Саясаттанушының айтуынша, өткенді ұмытпай, керісінше оны ұлықтау керек. Себебі, Қазақ елі тарих пен мәдениетке барынша бай мемлекет. Тек біржақты көзқарастың кесірінен кезінде Ұлы даланың талай құндылығы ескерусіз қалған. Сондықтан, Президент мақаласында айтылған жобаларды жүзеге асыруға халық болып жұмылып, бірінші кезекте білікті мамандар іске кірісуі керек.

 Никита Мендкович, Еуразиялық сараптамалық клубының жетекшісі:

Меніңше, Президенттің мақаласында өте маңызды мәселе көтеріліп отыр. Себебі, жылдар бойы қалыптасқан еуропалық көзқарастан арылып, Қазақстанның өткеніне басқаша қарау керек. Себебі, Қытай мен Ресей сияқты Қазақстанның мәдениеті де кезінде әлемге дамудың өзіндік жолдарын ұсынды. Сондықтан, Қазақ елінің өркениетке қосқан үлесін терең зерттеу керек. Мәселен, Ресейдің жоғарғы оқу орындарында да Ұлы даланың тарихы жан-жақты оқытылуы керек деп есептеймін. Бұл біздің қазіргі қарым-қатынасымызды одан ары дамытып, бір-бірімізбен түсінісуімізді жеңілдетеді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу