Қазақ анимациясы тарихында тұңғыш рет төл қаһармандарымыз туралы анимациялық жобалар жарыққа шықты. Қазір Астанада сол мультхикаялардың тұсаукесер көрсетілімі өтіп жатыр.
Фариза Мұсақызы, тілші:
«Balapan» телеарнасы бүгін үш бірдей туындының тұсауын кесті. Олар «Ертемір», «Айдар» және «Дала ойындары» деп аталады.
Мақпал Жұмабай, «Balapan» арнасының директоры:
- Жобалар бір-біріне ұқсамайды. Дегенмен, үшеуі де бір мақсатты көздейді. Балаларды жақсылыққа тәрбиелейді. Олардың оқиғасы әлемдегі супер қаһармандардың концепциясына ұқсайды. Жобалар - телеарнаның 8 жылдық ізденісінің нәтижесі. 10 желтоқсаннан бастап көрерменге жол тартады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.