Президент «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Швейцарияға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға берік негіз қалағанын айтты. Президенттің сөзінше швейцариялық депутаттардың елімізге келуі жан-жақты ықпалдастықты дамытуға қос тараптың ниетті екенін көрсетеді. Топ үйлестірушісі Филиппо Ломбарди Швейцарияның серіктестік байланыстарды кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты. Кездесуде Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16