«Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының иегерлері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының иегерлері белгілі болды

05.12.2018

Астанада жылдың үздік ақын-жазушылары анықталды. Назарбаев орталығында «Алтын тобылғы» байқауы қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды. Биылғы бәйгеге елдің түкпір-түкпірінен жүзден астам шығарма түскен.  Топтан суырылып, оза шапқан қаламгерлерге қомақты қаржылай сыйлық берілді. «Үздік проза» аталымында Айзат Рақышева «Адасқандар» шығармасымен жеңімпаз атанса, «Балаларға арналған үздік  шығарма» номинациясында Алина Гатинаның еңбегі дараланған. Ал,  Астана қаласының 20 жылдығына арналған арнайы жүлдені батысқазақстандық жас ақын Шерхан Талап иемденді.

Шерхан Талап, ақын:

- Бұл байқау бізге не береді? Шығармашылығымызды дамытуға, шыңдалуға септігін тигізеді. Өлеңнің бағалануы ақындарға, жастарға күш береді, жауапкершілік жүктейді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу